Бүгін елордада «Астана Тазалық» жауапкершілік шектеулі серіктестігі БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында ұйымдастырған «Таза сана – таза қала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Байқауға 4 номинация бойынша 122 адам қатысқан. Жобаның мақсаты - елордадағы тазалық пен тәртіпті күн сайын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегін насихаттау. Жеңімпаздарды тәуелсіз әділ қазылар анықтаған. Үздіктер қатарында біздің әріптесіміз Аружан Задабек те бар.
ЗАМИР САҒЫНОВ, “АСТАНА ТАЗАЛЫҚ” ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Дәстүр бойынша жылдың аяғында мереке қарсаңында журналистермен кездесіп, жыл бойы істеген жұмыстарды саралап, соның нәтижесінде байқауды қорытындылаймыз. Биыл «Астана Тазалық» мекемесі жөнінде 526 материал шығыпты. Соның 370 қарапайым жұмысшы адамға арналған екен. Осы жылдың бір күнінде БАҚ өкілдері еңбегін көрсеткен екен. Бұл үлкен құрмет деп есептеймін.