Қарағанды облысындағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды

Фото: ТЖМ

Қарағанды облысындағы Шет ауданы Мойынты станциясында орналасқан кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Газ баллоны жарылысының алдын ала себебі анықталды. Дәмханада газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптары бұзылған.

Бір қабатты ғимаратта болған жарылыстан шамамен 200 шаршы метр аумақта жабын конструкциялары құлады. Қазір үйінділерді ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Нақты мәлімет бойынша оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар зақымданған құрылымдарды тексеріп, қайта өртенудің алдын алу шараларын қабылдап жатыр, — делінген ақпаратта.