Желіде мектепке қатысты қорқыту жазба жариялаған жасөспірім ұсталды

Фото: pixabay

Алматы қаласы Полиция департаменті әлеуметтік желідегі белгісіз аккаунтта қару суретімен мектептерге қатысты қорқыту сипатындағы жазба жариялаған оқушыны анықтады.

Жазба авторы Наурызбай ауданындағы №207 мектептің 8-сынып оқушысы екені белгілі болды.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.