Жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында полиция жолда қалған 9 жолаушыға көмек көрсетті

Өскемен – Семей автожолының 64-шақырымында «ГАЗель» маркалы шағын автобус жолдың шетіне шығып кеткен. Көлік ішінде 9 жолаушы болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жолаушыларға сапарын жалғастыруға көмектесіп жатыр.