Жүкті әйелдерге медициналық көмек күшейтіледі

Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ және пневмония жағдайларының өсуі аясында жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қосымша шаралар қабылдауда.

 Өңірлерге пульмонологтар, инфекционистер, реаниматологтар және медициналық жоғары оқу орындары мен республикалық клиникалардың акушер-гинекологтары кіретін көпбейінді көшпелі командалар жіберілді.

Жұмыстың басты мақсаты - медициналық көмектің сапасын арттыру, өңірлік мамандарды әдістемелік қолдау және денсаулық сақтаудың республикалық және жергілікті деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Сапар барысында мамандар:

- 1000-нан астам медицина қызметкерлеріне консультация беру және оқыту жүргізілді;

-олар клиникалық жағдайларды талдап вирустық инфекциялар мен асқынулары бар ппциенттерді басқару тәсілдерін нақтылады;

-пациенттердің маршрутталуы мен ұйымдастырушылық процестерін бағалады;

-ауыр жағдайларды емдеуде практикалық көмек көрсетілді.

 Жүкті әйелдердің жағдайына ерекше назар аударылады. Шығу қорытындысы бойынша 2000 жүкті әйелге, оның ішінде ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсетілді, онда бейінді мамандардың қатысуымен терапия мен консилиумдарға түзету жүргізілді.

 Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауды жалғастыруда және болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.