Ақмола облысында 7 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: pixabay

Түрлі дене жарақатын алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиға  бүгін Павлодар бағытындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында болған. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу  басталды.

Ал полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.