Абай облысында тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған жүргізушіні құтқарды

Фото: pixabay

 Аршалы мен Қалбатау ауылдарының арасындағы автожолда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол-көлік жағдайына байланысты қиындыққа тап болған жеңіл автокөлік жүргізушісіне көмек көрсетті.

Патрульдеу барысында полицейлер қар құрсауында қалып, өздігінен қозғала алмай тұрған автокөлікті байқаған. Жағдайды бағалай келе, қызметкерлер жедел түрде қажетті шараларды қабылдап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, көлікті шығарды.

Жүргізуші уақытылы көрсетілген көмек пен кәсібилік үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ азаматтарды қолайсыз ауа райында жолға шықпауға шақырып, сапарын жалғастырды.