Қазақстандықтардың 71% ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2025

Қазақстандықтардың 71 пайызы ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды. Ал, 79 пайызы Президенттің жұмысын қолдайды. 2025 жылды қорытындылайтын жалпыұлттық сауалнамада мың адам өз пікірімен бөлісті. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық дамуды қазақстандықтар бірінші орынға қойған. Спорт та назардан тыс қалмады. Алматылық "Қайраттың" чемпиондар лигасындағы жетістіктері футбол сүйер қауымды қуантса, Джениффер Лопес пен Бекстрит Бойз концерттері әлемдік баспасөзде елімізді алдыңғы беттерге шығарды.