Еліміздің бірнеше өңірінде ақтүтек боран соғып, жағдай күрделене түсті. Батыста жоғалып Қазақстан облысында жоғалып кеткен 11 адамның үшеуінің мәйіті табылды. Атырау облысында қатты желден электр желілері зақымданып, жарық пен жылу өшті.
АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:
Ақтүтек боран елордаға да әсер етті. Қазір Астанада ауа температурасы –10 градус болғанымен, суық –24 градус болып сезіледі. оқушылар қашықтан оқуға көшті. Көктайғақ салдарынан қалада бір түнде 70 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Боран еліміздің өзге өңірлерінде де байқалуда.
Батыс Қазақстан облысында боран салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды. Тасқала ауданында жатақхананың шатыры ұшып, 25 отбасы баспанасыз қалса, Сайқын ауданында су мұнарасы құлады. Боран кезінде жоғалған 11 адамның үшеуінің мәйіті табылды. Құтқарушылар тағы бір ауыл тұрғынын тікұшақпен іздеп жатыр.
ЕРНҰР ӨТЕГЕНОВ, БҚО ӘКІМІНІҢ КӨМЕКШІСІ:
Боранның, желдің әсерінен жол жүру, көру мүмкіндігі мүлдем болған жоқ. Қазіргі уақытта 7 іздестіру-құтқару жұмыстарының төртеуі жабылды.
Атырау облысында секундына 24 метрге дейін жеткен жел электр желілерін зақымдап, қала мен ауылдарда жарық пен жылу өшті. Бірқатар әлеуметтік және тұрғын нысандардың шатырлары ұшып, аймақта жедел штаб құрылды. АЛ Ақтөбе облысында екі тәулік бойы соққан боран салдарынан республикалық маңызы бар жолдар жабылды. 100-ге жуық жолаушы пойызбен эвакуацияланды.
ЕРБОЛ СЕЙІЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Ауа райының нашарлауына боран және көрінудің шектелуіне байланысты республикалық 4 облыстық маңызды жолдарында барлыө автокөліктер үшін жолдың жабық екенін хабарлаймыз.
АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:
Синоптиктер алдағы күндері де ауа райы қолайсыз болатынын ескертеді. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, қазір 6 облыста жол қозғалысына шектеу қойылған. Құтқарушылар тұрғындарды алыс сапардан бас тартып, сақтық шараларын күшейтуге шақырады.