Биыл жұмыссыз қалған 289 мың 800 азамат мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алған. Мұндай санаттағы азаматтарды қолдауға 118 млрд 500 млн теңге жұмсалған. Заңға сәйкес, жұмысынан босатылған қызметкерлер 6 айға дейін осындай әлеуметтік көмек алуға құқылы. Басты мақсаты еңбеккерлерді жаңа жұмыс іздеу кезінде қаржылық қолдау. Төлем мөлшері соңғы 24 айда тапқан табысына байланысты есептеледі. Сақтандыру жалақының 45 процентіне дейін жетуі ықтимал. Төлемді рәсімдеу толық цифрлық форматқа көшірілген. Жұмыстан шығу себебіне қарамастан аталған көмекті бұған дейін 331 мың 700 қазақстандық қолданған
.