Нұра ауданында жаңа электр желісі іске қосылды

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2025

Астанада қуаттылығы 80 мың тұрғынды қамтитын жаңа электр станциясы іске қосылды. Соның арқасында "Нұра" ықшамауданындағы көпқабатты үйлер мен бірнеше әлеуметтік нысан үздіксіз электр қуатымен  қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, мамандар жаңа ауданның құрылыс жұмыстарын ілгерілетеді дейді.

Қарлы боран мен жел соқса жарықсыз қаламыз ба дейтін Нұра ауданының тұрғындарына енді қорқуға себеп жоқ.  Жыл сайын жаңа қоныс көбейіп әлеуметтік нысандар салынса құрылыс жұмыстарының жылдамдығына да электр станциясы әсер етеді екен. Қаланың бас жоспарына сай салынған "Арай" қосалқы электро станциясы енді бұл мәселелер шешілді.

АНУАРБЕК ЕСЕНАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл осы ауданның Ұлы дала көшесі мен Сығанақ даңғылының ортасындағы құрылыс болып жатқан салынып қойған мектептер, ауруханалар, тұрғынүйлерді қамтамасыз етеді.Подстанциямызда екі 80 мВТ трансформаторлар бар.

Аталған электр орталығының құрылыс жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында басталып араға тура бір жыл салып аяқталды. Заманауи талаптарға сай салынған бұл нысанда бар жоғы 3-ақ адам жұмыс істейді. Оның бірі күзетші болса, қалған екеуі нысанға жауапты кезекші мамандар. Жаңа стратегиялық нысанның негізгі құрылғылары отандық өнімдер. Оның барлығы Шымкентте құрастырылып шығарылған.

АСЫЛЖАН МУСИН, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Астана қаласында бірқатар нысандар, оның ішінде қосалқы станциялар жүзеге асырылуда, бұл бағытта қала әкімдігі белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Аталған нысан — қазіргі таңда пайдалануға берілген қосалқы станциялардың бірі. Ол жаңа аудандарды дамытуға, сондай-ақ халық пен әлеуметтік-мәдени нысандарды тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылды. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болды.

Аталған жоба мемлекет қаржысынан салынған соң тарифтерде өсім болмайды деді жауаптылар. Қаланың бас жоспарына сәйкес 2035 жылға дейін дәл осындай 7 қосалқы эектростанциясы іске қосылмақ. Ал келесі жылы Қабанбай батыр атты жаңа станцияның құрылсы басталмақ.