Теміртауда қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдеріне тегін такси қызметі іске қосылды

«ТАКСИДЕГІ QUIZ». Теміртауда қазақ тілін білетіндерді тегін таситын такси қызметі іске қосылды. Мұнда өзге ұлт өкілдері жолақыны ақшалай емес, қазақ тіліндегі сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы төлейді. Оларға арнайы сыйлықтар да қарастырылған. Жұрттың жобаға қызыққаны сонша көлікке мінгісі келетіндер көбейген.

Кезекші жолаушы Анна қазақ тілін жақсы көреді. «ТАКСИДЕГІ QUIZ» туралы құрбысынан естіп өз білімін сынап көрмек болған. Аннаның сөйлеу мәнері жүргізушіні таң қалдырды.

АННА ПИРИЕВА, ЖОЛАУШЫ:

Анна, сіз немен айналысасыз? Қайда жұмыс істейсіз?- Менің кәсібім- маникюр шебері. Мен үшін маникюр адамдарға көңіл- күй сыйлайтын өнер. – Керемет. –Жұмысқа келгенде әр әйелдің жанын түсініп кішкен мереке жасап бері- менің кәсібімнің мақсаты.

Тегін, әрі қызықты таксиде өзге ұлт өкілдері сұрақтарға жауап беріп қана қоймай ән салып, өлең оқиды. Жол бойы қазақша сөйлегендері үшін арнайы сыйлықтар беріледі.

АРМАН ӘБІЛҚАСЫМОВ, «ТАКСИДЕГІ QUIZ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Менің байқағаным, көп өзге ұлт өкілдері қазақ тілін жақсы біледі екен. Біз оны аңғармаймыз. Бірақ оны көрсетуге ұялады, қысалады. Біздің жобамыздан кейін көбісі Рақмет айтып жатады. Отбасымда достарымның, әріптестерімнің арасында қазақша сұрақ қойып ждауап ала алатыныма сенімдімін деп Рақмет айтып кетті.

Қазақша тегін такси ресурстық тіл орталығының жобасы. Жұрттың оған қызыққаны сонша көлікке мінгісі келетіндер көбейген.

ГҮЛНАР ӘКІМБАЕВА, ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ РЕСУРСТЫҚ ТІЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жоба «Қазақша сөйлеу тренд» акциясының аясында өтіп отыр. Біздің қаламызда алғашқы рет өтіп отырғандықтан қала тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырып жатыр. Бұл жобаның мақсаты мемлекеттік тілдің аясын кеңейту және тілге деген қызығушылықты арттыру.

Такси кешкі сағат 5 тен 7-ге дейін жұмыс істейді. Жоба жыл сайын іске қосылмақшы.