Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешені ашылды

Көкшетау қаласында Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин осы рәсімнің құрметті қонағы болды.

Жаңа нысан әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған алаңға айналады.

Кешен бір мыңнан астам адамға арналған. Оның құрамына мультимедиялық жабдықтармен қамтылған 650 орындық көрермен залы, жасанды жартасты қабырғасы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы, сондай-ақ олимпиадалық стандарттарға сай сертификатталған жабдықтармен қамтамасыз етілген бокc, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар кіреді.

Кешеннің іргелес аумағында жеңіл атлетика аймағы мен ойын спорт түрлеріне арналған алаңдар салынған.

Сонымен қатар Kokshe Arena мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген.