Илон Маск - 600 миллиард доллары бар ең бай адам

Фото: Androidworld9.com

Илон Маск байлығы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам болды,- деп хабарлайды Astana.tv Forbes-ке сілтеме жасап.

Басылым оның капиталының өсуін ғарышты игеруге мамандандырылған SpaceX компаниясының нарықтық құнын қайта қараумен байланыстырады. Тендерлік ұсыныс іске қосылғаннан кейін оның құны тамыз айында 4 400 миллиардтан желтоқсанда 8 800 миллиардқа дейін өсті. Журналдың бағалауы бойынша осыдан кейін SpaceX акцияларының шамамен 42% иелік ететін Масктың байлығы 168 миллиард долларға өсіп, 677 миллиард долларға жетті.

Алдыңғы рекорд та Илон Маскқа тиесілі. Ол қазан айында байлығы 500 миллиард доллардан асқан алғашқы адам болды.