БҚО-да жоғалған ер адам табылды

Фото: ТЖМ

Бүгін таңертең БҚО ТЖД-ның 112 пультіне полициядан Жаңақала ауданында 1971 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15 желтоқсанда мал суару үшін елді мекеннен шамамен 5 км қашықтықта орналасқан құдыққа қарай шығып, қайта оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефон болмаған.

Іздеу жұмыстарына БҚО ТЖД күштері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальоны, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар тартылды. Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Сонымен қатар әуеден барлау жүргізу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы жедел түрде жұмылдырылды.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ер адам бастапқы іздеу аймағынан 30 км қашықтықта, Ақжайық ауданына қарасты «Бахас» қыстауынан табылды.

Жағдайы қанағаттанарлық. Оған медициналық көмек қажет болмады.