«Қазгидромет» болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады.
Шығыс өңірлерде — қалың қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Астанада: кей уақытта қар жауып, жел соғып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең жел күшейіп, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда: күндіз көктайғақ пен тұман күтіледі.
Шымкентте: кей уақытта тұман болады.