Қазақстандық дәрігер-офтальмолог Мұхит Құлмағамбетов Гонконгта өткен халықаралық байқауда «Ғылыми Оскар» атанған беделді марапатты жеңіп алды, деп хабарлайды Astana TV.
Оның көз ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік беретін инновациялық стартапы үздік деп танылып, екі бірдей жүлдеге ие болды. Мұхит Құлмағамбетов бұл құрылғыны Гонконгтағы зертханада 3 жыл бойы әзірлеген.
Диагностика жарық және толқындық технологиялар арқылы жүргізіледі.
Бұл – Гонконг пен Азиядағы ең беделді технологиялық марапаттардың бірі.