1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Енді шотыңызға 1 миллион теңгеден астам ақша түссе міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керек. Бірақ бәрі бірдей емес. Тексеріс 3 ай қатарынан 100 түрлі адамнан қаржы түссе, әрі осы кезеңде түскен теңге 1 миллион теңгеден асса ғана жүргізіледі. Бизнес өкілі ретінде тіркелу үшін екі талап бір мезетте орындалуы тиіс. Егер бірі талапқа сай, екіншісі жоқ болса, қорқудың қажеті жоқ. Демек, той-томалаққа түскен ақша, мерекеге жиналатын қаражат үшін есеп беріп әуре болмайсыз.
ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
100 әртүрлі аданан ай сайын болып тұруы керек. 3 айдың қорытындысы бойынша сома 1 млн теңгеден асу керек. Егер де, мысалы, 10 млн алайық, жеке азамат өзінің шортына 10 млн, 5 млн түсе ма, 2-3 адамнан түссе олар бақылауға түспейді. Немесе қаңтар айында алып, ақпан айында алмаса, жарты жылдың ішінде әртүрлі айда алатын болса ол адамдар да байқауға түспейді.