«Трамп – маскүнем» деп Ақ үйдің аппарат басшысы хабар таратты

Трамп – маскүнем. Ақ үй аппаратының басшысы Сьюзи Уайлс батыстық басылымдарға осылай деп ақпарат танытты. Ал, Зеленский, Украина мен Ресей бейбіт келісімге қол қоюға жақын дейді. Мексика парламентінде депутаттар шаш жұлысып, жаға жыртысты. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

АҚШ Президенті алкогольге әуес. Ақ үйдің аппарат басшысы Сьюзи Уайлс Вэнити Фэйр журналына осылай деп ақпарат берген. Одан бөлек, вице-Президент Джей ди Вэнс пен Илон Маск туралы да бұрын ешкім білмеген мәліметтерді жайып салды. Алайда, шу шыққан соң, бұл сөздерінен бас тартты. Биліктегілер де әріптесін ақтап әлек.

КЭРОЛАЙН ЛИВИТТ, АҚ ҮЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл журналистердің ұятсыздығының белгісі. Олар аппарат басшысының сөзін бұрмалап жіберді. Ол тілші біздің барлығымызбен сөйлескен. Алайда, біздің жақсы жаңалықтарымызды бөліспеген. Тек, бір жаман сөз естіп, бүкіл билікті қараламақшы.

Украина мен Ресей алғаш рет бейбіт келісімге қол қоюға жақын. Владимир Зеленский Нидерланд Парламентінде сөйлеген сөзінде осылай деді. Украина Президентінің айтуынша, қазіргі АҚШ-Украина және АҚШ-Ресей форматындағы келіссөздердің соғысты тоқтатуға мүмкіндігі мол.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі келіссөздер 4 жылда ең жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Әлбетте, уақытша ұрысты тоқтатумен шектелмейміз. Ұзақ мерзімді бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілдемесі қамтамасыз етеміз. Біз қолымыздан келгенін істеп жатырмыз. Енді одақтастарымыз қол қусырып отырмаса болғаны.

Мексикада бұрымды депутаттар бұлқан-талқан болды. Бірыңғай ақпараттық базаға адамдардың қол жетімділігін талқылау барысында дау туды. Құр дау емес биліктегі Морена партиясы мен оппозициялық Пан депутаттары бір-бірімен шаш жұлысып, төбелесе кетті. Нәтижесінде, халық қалаулылары әріптестерінің үстінен шағым түсірмек.