Есірткіге қатысты 1200 қылмыс ашылды

Астана полициясы биыл есірткіге қатысты  1200 қылмыстық істі анықтады. Нәтижесінде 470 келі әртүрлі есірткі заттары тәркіленген. Оның 50 келісі синтетикалық наша.  Қала аумағаныда наркобизнеспен айналысқан 3 үлкен қылмыстық топ құрықталып, 2 лаборатория жойылды. 300-ден астам азамат психотроптық өнімдерді саудалағаны үшін қылмыстық жазаға тартылды. Өкініштісі арасында 10 жасөспірім бар.

ӘЛИЯ ҚИБАТҚЫЗЫ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ПОДПОЛКОВНИК:

Қазір есірткі заттарын қолдан-қол емес, мына интернет желілері арқылы да сатуда. Жылдың басынан біздің қызметкерлермен 1000-нан астам осындай сайттар бұғаттауға жолданды. Есірткі заттарын жарнамалайтын да қылмыс түрлері бар. Бұл бап ҚР-ның ҚК-нің 199/1 бабы бойынша біз тек полиция қызметкерлері емес, басқа да қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар бар. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, осындай рейдтік жұмыстарға шығып тұрамыз. Жылдың басынан 2 мыңға жуық осындай графиті суреттер өшіріліп, 700-ден астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді.