Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 514,31 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 4,5 теңгеге төмен, деп хабарлайды Astana TV.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 17 желтоқсандағы ресми доллар бағамы – 519,61 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 515,19 теңге, сату бағамы 517,32 теңге. Астана қаласында долларды орта есеппен 512,65 теңгеден сатып алып, 519,63 теңгеден сатады. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 514,36 теңгеден сатып алып, 516,41 теңгеден сатады.
Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 8 желтоқсанда доллардың орташа өлшенген бағамы 3,69 теңгеге, 9 желтоқсанда – 5,53 теңгеге, 10 желтоқсанда – 3,5 теңгеге, 11 желтоқсанда – 1,74 теңгеге, 12 желтоқсанда – 2,16 теңгеге өсті, ал 15 желтоқсанда 2,63 теңгеге төмендеді.