Қарағанды облысында 109-шы ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Осакаров ауданының Жұлдыз ауылында ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған ҚР ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өртке қарсы құралымдардың жаңа пунктінің салтанатты ашылуы өтті.
Аталған нысанның ашылуы жергілікті атқарушы органдар мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының қолдауының арқасында мүмкін болды.
Ғимарат тәулік бойы қызмет атқаруға қажетті барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген: өрт техникасына арналған бокс, демалыс бөлмесі, ас үй және тұрмыстық бөлмелер бар. Жедел әрекет ету үшін өрт автоцистернасы, инженерлік техника және байланыс құралдары берілді, бұл кез келген жағдайда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Жаңа өрт сөндіру пунктінің ашылуы өрт қауіпсіздігі деңгейін едәуір арттырып, төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын қысқартуға және ауыл тұрғындарының өмірі мен мүлкін сенімді қорғауға мүмкіндік береді.