Ақтөбедегі фармацевтикалық кәсіпорын 61 түрлі дәрілік зат өндіреді

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2025

Ақтөбедегі фармацевтикалық кәсіпорын 61 түрлі дәрілік зат өндіреді. Мемлекет басшысының Жолдауында отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 17 пайыздан 50 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған. Бұл елдің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. 

ЛАУРА НҰРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және де пандемия мен жаһандық дағдарыс кезінде сыртқы нарықтың тәуелді болуына қаншалықты қауіпті екенін ана жылдары көрдік. Солар арқылы өзіңіздің өндіріс болса,... Халық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Екіншіден, Отандық өндірістегі  фармацевтикалық экономиканың дамуы жаңа өндіріс орындары ашылады.