Оралда бес бала газға уланып, ауруханаға түсті

Оралда бір үйдің бес баласы мен анасы газға уланып, ауруханаға түсті. Балалардың жағдайы қалыпты, бірақ анасы ауыр халде жатыр. Мамандардың айтуынша, көпбалалы отбасы жеке үйді жалға алған. Тексеру барысында тұрмыстық газ қондырғысынан ақау шыққаны және техникалық қызмет көрсету бойынша тиісті келісімшарт жасалмағаны анықталды.  Жауапты органдар газ көзін жауып, залалсыздандырдық, дейді.

МЕРУЕТ ЖҰМАҚАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі таңда үйдің иесі анықталғаннан кейін бөлім мамандарымен ҚР Газ және газбен жабдықтау заңының 19-бабына сәйкес, тиісті шаралар қолданылатын болады. Ол әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 306-бабына сәйкес 7 АЕК болып есептеледі.