Алматы тау кластерінде демалушылардың адасып кету немесе қазаға ұшырау қаупі екі есе азаюы мүмкін

Алматы тау кластерінде демалушылардың адасып кету немесе қазаға ұшырау қаупі екі есе азаюы мүмкін. Себебі, оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында «AMANAT» партиясы «Алатау аманаты» жобасын жүзеге асырып жатыр. Маршрут «Шарын» шатқалынан басталып, «Таңбалы» петроглифтеріне дейін созылады. Жол бойына глэмпингтер, құтқару бекеттері орнатылады. Тәжірибелі гидтер мен альпинистер Зайлы Алатауын бүге-шүгесіне дейін тексерістен өткізіп, ұзындығы 1500 шақырым болатын маршрут құрастырды. Бұл жолда жаяу да, атпен де, түрлі маркалы көліктермен жүріп өтуге болады. Келесі туристік маусымнан бастап Алматы облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының жетекшілігімен Қазақстандағы алғашқы ұлттық тропаны қалыптастыру жұмыстары жалғасады.  

ЖАНДОС ҚАЛТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кез келген турист тауға шыққан кезде түрлі келеңсіз жағдайлармен кезігіп жатады. Енді негізгі мақсаттарының бірі әрине, ол халықаралық болсын, өзіміздің жергілікті туристердің қауіпсіздік мәселесі. Арнайы үйшіктер, қауіпсіздік үйшіктері, оның ішінде визит орталықтар бар немесе арнайы SOS кнопкалар бар деген сияқты.