Астанада жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланды

Астанада жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланды. Шараға 1300-ге жуық адам қатысқан. «Жұмысшы мамандықтар жылы: жетістіктер, даму, перспективалар» атты салтанатты кеште жүзеге асырылған жоспарлар айтылып, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы негізгі жетістіктер мен жаңа бастамалар таныстырылды.

Іс-шара барысында Астана қаласының колледждері мен әлеуметтік серіктестердің қол жеткізілген жетістіктер таныстырылып, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру бағытында атқарылған іс-шаралар қорытындыланды. Сонымен қатар, еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау, дуальды оқыту жүйесін дамыту және жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту мәселелері кеңінен қамтылған.

ҚАСЫМХАН СЕНҒАЗЫЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жұмысша мамандықтарда оқып жатқан студенттерге арнап мың орындық жатахананың құрылысы басталды. Осы бір ай төңірегінде оның құрылысы аяқталатын болады. Бүгінгі іс-шараға келетін болсақ, жыл бойы істелген іс-шараның қорытындысы, жұмыс берушілерді және де колледжда жұмысшы мамандықтарды дайындап жатқан ұстаздарды және әлеуметтік серіктестерімізді марапаттау көзделген. 

Колледж басшыларының айтуынша, жұмысшы мамандығын тәмамдаған студенттердің шамамен 96 проценті жұмысқа орналасқан. 

РИММА ИМАНҒАЗИНОВА, КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің мақсатымыз білімді де, білікті жұмысшы мамандарын оқыту. Экономикамызды дамыту мақсатында осы бағытқа басты бағдар құрдық. Біздің колледжде шамамен 80 процент ер бала оқиды. Қалғаны қыздар. Сондай-ақ, осы жылы еңбек мамандықтарына деген қызығушылық жастарда ерекше артқанын байқауға болады. Өсім бар.  Жоспар бойынша жұмысшы мамандықтарына 25 орын болған, осы жылы 75 студент осы саланы таңдап тұр.

Сонымен қатар, шара аясында шағын көрмелер қойылды. Олардың бірі, Әлфия Қайратқызы, ол балабақшада балаларды еңбекке баулитын ойындар құрастырған.

ӘЛФИЯ ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ИННОВАЦИЯ ӘДІСКЕРІ:

Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу және  ерте кәсіби бағдар беру бағдарламасы аясында біз балаларымызды құрастыру, модельдеу бойынша әсіресе инженер, архитектор, құрылысшы мамандықтарына ерте дағдыландыруға жұмыстанып жатырмыз.

Салтанатты шарада еңбегі еленген қызметкерлер мен ұстаздарды марапаттады.