Шымкент қаласына биыл 715,2 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Биыл Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі 715,2 млрд теңгеден асты. Мегаполисте шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлікті  дамыту және қаланың инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша ашық диалог өрбітті. Қалада экономиканы нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бірқатар инвестициялық жоба  жүзеге асырылып жатыр. Әкім кәсіпкерлерге сындарлы ынтымақтастық пен бірлескен бастамаларды іске асыруға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және жоғары әлеуметтік жауапкершілігі үшін бірқатар кәсіпкерді алғыс хаттармен марапаттады.

ҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙІТОВ, КӘСІПКЕР:

Әр саладан келген азаматтар өздерінің жауаптарын беріп жатыр, оның бәрі өте жақсы деп ойлаймын.  Осындай жиындар көп болған сайын біздің қалада инвестициялық көрсеткіштер өсе береді деп ойлаймын. Инвесторлар да көп болады деп ойлаймын.

ТАЛҒАТ ИСАХОВ, КӘСІПКЕР:

Бізде ілгерілеушілік бар. Қазіргі таңда тек қана ішкі нарыққа емес, шетелге де экспортталып жатқан көптеген өнімдер бар. Оның ішінде біздің Бал текстиль кілем фабрикасы биылғы жылы шығарған өнімдеріміздің 30 пайызын экспортқа шығарып отырмыз.