Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған. Бас редакторлар клубы президентінің айтуынша, өзара іс-қимылдың жаңа форматы жекелеген байланыстардан жүйелі жұмысқа, ал кейінгі реакциядан - алдын ала ойластырылған, мазмұнды диалогқа көшуге мүмкіндік береді. Меморандум аясында бірлескен оқыту бағдарламалары мен ақпараттық жобаларды іске асыру көзделді.
СЕРІК БОРАМБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ВИЦЕ АДМИРАЛ:
Өздеріңізге мәлім биыл осы шілдеде әскери патриоттық тәрбие жөнінде заңға өзгерістер енгізілді. Сол заң бойынша қорғаныс министрінің өзі модератор болып бекітілді осы орындаушысы болып.