Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды. Қаланың барлық ауданында жаңа жылдық шыршалар бір уақытта жарқырады. Негізгі іс-шара Абай алаңында өтті. Ақ ұлпа қар да жапалақтап жауып, тұрғындардың мерекелік қуанышы еселене түсті. Салтанатты рәсімге мегаполис әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Жаңа жылдың басты элементінің биіктігі – 22 метр. Жасыл шыршаны безендіруге 7 шақырымнан астам жылтыр гирлянда, әртүрлі ойыншықтар мен көздің жауын алатын мерекелік әшекейлер пайдаланылған. Айта кетейік, Алматыда 74 шырша орнатылды.

БОТАГӨЗ ӘУКЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін салтанатты түрде дворец республика алаңында шыршаның салтанатты түрде ашылуы болып жатыр, соған екі қызымды алып келген болатынмын. Қала әкімдігіне үлкен рақмет.

Тұрғындардың көңілін көтерген бұл ғана емес, республика сарайының қасбетінде екі минуттық лазерлік шоу қойылды. Көрсетілімде тау, бүркіт, қар секілді Алматының сиволдары бейнеленді.

ЕРКЕН ӘБУТӘЛИ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен отбасыммен келдім. Бүгін әсем қала Алматымызда мінекей қар жауып тұр. Жаңа 2026 жылды біз өте тамаша көңіл күймен қарсы алып жатырмыз. Алматы біздің сүйікті қаламыз және бізге мынадай керемет қармен, эстрада жұлдыздарымен керемет кеш сыйлап жатыр.

Мерекелік концертте Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Балжан Бидаш сынды әртістер, «КешYOU»гелзбэнды мен «Жігіттер» тобы өнер көрсетті.