Әлеуметтік зерттеуге қатысқан тұрғындар елде оң өзгерістер барын айтты

Мемлекеттік цифрлық қызметтер барған сайын қолжетімді бола түсті. Әлеуметтік зерттеуге қатысқан 1000 респонденттің 81%-ы жүйенің арқасында мәселені шешу оңай екенін айтқан. Тұрғындар инфрақұрылымдағы өзгерістерге де оң баға берді. 75%-ы ескірген желілерді қалпына келтіру үшін нақты шаралар қабылданды деп санайды. Қайтарылған активтер туралы да пікір бар. Дауыс бергендердің 57%-ы  әлеуметтік нысандар саны артып келе жатқанына келіседі.