Қазақстанда кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды

фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыруға қатысты Үкімет қаулысы күшіне енді.

-2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алынатын төлем мөлшерінің 10 пайызына ұлғайтылады, - делінген құжатта.

Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер әр азаматқа жеке есептеледі. Төлем мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және мүгедектік тобына (еңбекке қабілеттілігінен айырылу) байланысты айқындалады. Ал асыраушысынан айырылу жағдайында төлем көлемі асырауындағы адамдардың саны мен қайтыс болған адамның жалақысына қарай есептеледі.