Алматы әлемдегі топ-25 туристік бағытқа қосылды

Фото vecher.kz

АҚШ-тың танымал Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізді.

«Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып, 2025 жылдың 9 айында туристер саны 2,5 миллион адамға жеткен. Көп турист дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Көк базарды, Вознесенск кафедралы шіркеуін көру үшін келеді. Сондай-ақ Іле Алатауы тауы мен Альпі көлдері және тау шаңғысы беткейлеріне барады», - деп жазды басылым.

Bloomberg рейтингі туристік трендтерді сараптау, туризмді сарапшылармен талдау негізінде жасалады.