Көмек алушылардың басым бөлігі жұмысқа орналасқан. Тіпті әлеуметтік төлем алу үшін ажырасқан отбасылар да анықталған. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астанада өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, көмекті шын мұқтаж жандарға бағыттау нәтижесінде 8,5 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделген.
Жұмыстар 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді. Сол кезде әлеуметтік көмек алушылар саны 63 мыңнан асса, қазір бұл көрсеткіш 19 мыңға дейін азайған, яғни 44 мың адамға қысқарған.