«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері қар жауып, бұрқасын болады. Жел күшейіп, көктайғақ болады.
«25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20-25 градус аязға, ал солтүстігінде 23-28 градус аязға дейін төмендейді.Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндізгі уақытта ауа температурасы 2-7 градус жылуға дейін көтеріледі», – делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.