ШҚО-да полиция қызметкері 9 адамның өмірін сақтап қалды

Фото: Polisia.k

Риддер маңында 9 турист байланысқа шықпай қалған. Қоңырау түскен соң полицей дереу іздеу шараларын ұйымдастырып, ТЖ қызметтерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізген.

«Спутниктік байланыс арқылы туристердің нақты орналасқан жері анықталды. Тоғыз адам аман-есен табылды. Үсік шалу белгілері анықталған жоқ», - делінген хабарламада.