Қазақстанның бірқатар өңірінде тасжолдар жабылды

Фото: istockphoto.com

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның үш өңіріндегі бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Astana TV.

Шектеу мына республикалық автожол учаскелерінде енгізілді:

Ақмола облысында:

  • сағат 13:30-дан бастап «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығы (Жібек Жолы бақылау-өткізу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);

Қарағанды облысында:

  • сағат 13:30-дан бастап «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау бақылау-өткізу пунктіне дейін).

Аталған жол учаскелерін ашудың болжамды уақыты – 2025 жылғы 24 желтоқсан, сағат 10:00.

Сондай-ақ Жетісу облысында сағат 15:00-ден бастап «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) қозғалыс уақытша шектелді.