Қостанай облысында миллиардтаған қаражат жымқырылғаны анықталды

Фото: istockphoto.com

Қостанай облысының прокуратурасымен облыстың өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлайды Astana TV.

Медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алу фактілері әшкереленді.

Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты.

Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді.

«Тергеу шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ның бұрыңғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды. Тергеу жалғастырылуда. Өзге мәлеметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – делінген прокуратура хабарламасында.