Қарағандыда «AMANAT» партиясы Партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті

Қарағанды облысында 3 жыл бойы құрылысы тоқтап қалған онкологиялық орталықтың операциялық- реанимациялық блогына қаражат табылды. Арнайы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер арқылы 6 млрд 200 млн теңге бөлінді. Мәселе «AMANAT» партиясының бастамасымен шешілді. Енді аталған сомаға ғимаратқа қажетті қондырғылар сатып алынады.Сөйтіп операция орталығын келер жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Операциялық- реанимациялық блоктың құрылысы 2021 жылы басталып КОВИД – ке байланысты тоқтап қалған еді. Кейін қондырғылар мен материалдардың қымбаттауына байланысты жоба құны өсіп кетті. Бүгінде ол 9 млрд- тан астам теңгеге бағаланып отыр. Сөйтіп республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржы жетпей қалған. Мәселеге «AMANAT» партиясының депутаттары араласқан соң ғана қосымша қаржы қарастырыла бастады. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Алайда ғимаратты іске қосу үшін ең басты дүние ол- арнайы операциялық үстелдер мен қондырғылар. Бөлінген сома осы мақсатқа жұмсалады. Мұнда науқастарға жоспарлы және шұғыл оталар жасалады. 

АЙДАР МАЖМАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКТОРЫ:

Қаражат бөлуде қиындықтар болды. 6 млрд 200 млн қаражат ол жаңағы жаңағы қордан, қайтарылған активтер қорынан мемлекет басшысының нұсқауымен бөлінді. Депутатттық Фракциялардың, жаңағы Мәжілісмендердің қаншама бұл жерде қызметтер жасалынды. Қаншама отырыстар өткізіліп, мәселелер көтерілді.