Риддерде жағдайы күрт нашарлаған бала шұғыл жағдайда Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

Фото: istockphoto.com

ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Сергей Пинигин мен Леонид Калеканов баланы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Риддер қаласынан Өскемен қаласына тікұшақпен тасымалдады, деп хабарлайды Astana TV.

Әуе кемесінің бортында кішкентай науқасты санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Лариса Величко алып жүрді.

Баланы ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізді.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен жоғары кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті. 2017 жылы туған бала медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауында тапсырылды.