Арқалық әуежайы қайта ашылады

30 жылдан астам бос тұрған Арқалық қаласының әуежайы қайта ашылады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты. Соңғы рет  1992 жылы ұшақ ұшып-қонған  нысанға қазір  күрделі жөндеу жүргізілуде.  Келер жылы пайдалануға берілмек. Жалпы, Торғай өңіріне жататын Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына 165,5 млрд теңге бөлініп, 3 жылда 51 кәсіпорын ашылады. Әсіресе, Арқалық қаласы басты назарда. Келесі жылы шаһар өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз дене шынықтыру орталығын салатын боламыз. Жабық хоккей салынатын болады. Жаңа балабақшаны да жоспарлап отырмыз. Жана айтып кеткендей әлеуметтік объектілеміздің біразы жөнделетін болады. Биыл да біраз жұмыстар атқарылды. Арқалықтың бұрын бос тұрған ғимараттары көп болды. Дәл ортасында. Қазір біразын, 80 процентін қалпына келтіріп алдық.