Алматы облысында Энергетиктер күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Алматы облысында Энергетиктер күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жиынға энергетика саласының үздік мамандары мен сала ардагерлері қатысты. Шара барысында өңірдің энергетикалық жүйесінің дамуына үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. 

Салтанатты рәсімде көпжылдық адал еңбегімен ерекшеленген мамандарға салалық төсбелгілер мен марапаттар табысталды. Олардың қатарында «Еңбек сіңірген энергетик» және «Құрметті энергетик» төсбелгілерінің иегерлері бар. Бұл марапаттар сала мамандарына көрсетілген жоғары сенімнің белгісі.

ӘСЕТ МАСАБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Электр және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау мен үздіксіз жеткізу бағытында аянбай еңбек етіпжүрген мамандардың еңбегі қашанда жоғары бағалауға лайық. Қазіргі таңда технологиялық жаңару мен энергияға деген сұраныстың артуы сала мамандарына жүктелер жауапкершілікті одан әрі күшейтіп отыр. Осындай маңызды кезеңде өз ісіне адал, кәсіби білікті, тәртіп пен қауіпсіздікті қатаң сақтайтын энергетиктердің рөлі ерекше.

Өңірде энергетика саласында 15 мыңға жуық маман еңбек етеді. Олардың тынымсыз жұмысы тұрғындарды электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Энергетиктердің еңбегі өндіріс пен әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.

НҰРДІЛЛӘ ӘБІЛҚАСЫМОВ, "АЛАТАУ ЖАРЫҚ" КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Мен осы энергетика саласында 39 жыл болды істеп жатқаныма Алатау жарық компанияда. Бүкіл Алматы облысының мына энергетиктерін құттықтағым келеді. Бәрлеріңе зор денсаулық, үйлеріңе береке, құт береке берсін деп тілектеспін.

Облыс аумағында жаңа қосалқы станциялардың құрылысы басталып, елдімекендерде электр желілері жаңартылуда. Бұл жұмыстар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Энергия көздерін дамыту аймақтың тұрақты дамуына негіз болмақ.