Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті

Атырауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында  «Eco Generation: Таза әлемге қадам» тақырыбында  жастармен кездесу өтті. Кездесуде қоқысты сұрыптау аппаратының жұмысы, химия әлеміне саяхат төңірегінде шеберлік сабақтары өтті. Фасилитация форматында қатысушылар командаға бөліп, экология тақырыбында жобалар әзірлеп, жүзеге асыру бағыты көрсетілді. Мұндай кездесулердің маңызы зор. Мәселен, биыл  жел, күн генераторы арқылы энергия жинау, мектептерде жасыл дәліз орнату секілді 7 жоба жүзеге асырып, олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден гранттық қолдау көрсетілген.

ӘСЕЛ ҒҰМАРОВА, «JERECOHUB» ЖОБАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Бүгін  ауданнан, қаладан жиналған жастарға өзіміздің жобасын таныстыру , жастардың белсенділіктерін арттыру,  экологияға балаларды бейімдеу, қызықтыру және өздеріІнң идеяларын өздерінде ұстап қалмай, біздің жоба арқылы жүзегеасыруға мүмкіндік алуларын жеткізу.