2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ келді.
Биыл елімізге келген қандастардың пайыздық үлесі:
Өзбекстан – 44,5%;
Қытай – 43,6%;
Түрікменстан – 4,1%;
Ресей – 2,5%;
Монғолия – 3%;
Басқа елдер – 2,3%.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Оларды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олар-Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.