Damumed компаниясына 286 млн теңге айыппұл салынды

фото: bestnews.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Damumed компаниясының қызметінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректерін анықтаған,-деп хабарлайды Astana TV.

Тексеру нәтижесінде компания «DAMUMED» медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізу және техникалық сүйемелдеу қызметтері үшін монополиялық жоғары баға белгілегені белгілі болды.
Сот шешімімен серіктестікке 286 млн теңге айыппұл салынды. Айыппұл толық төленген.