2027 жылы ҰБТ форматы өзгеруі мүмкін

2027-і жылдан бастап қазақстандық мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді жаңа форматта тапсыруы мүмкін. Бұл туралы  Ғылым және Жоғары Білім вице-министрі  айтты. Алғашында пилоттық режимде тестілеу өтеді. Сәтті болған жағдайда тұрақты түрде енгізілмек, - дейді Гүлназ Көбенова. Айта кетейік, жаңа формат енгізілген жағдайда қазақстандық талапкерлердің шетелдік озық оқу орындары мен еліміздегі филиалдарына оқуға түсу процессі жеңілдейді.  Бұл үшін, сарапшылар тобы құрылған, оның құрамында ғалымдар мен мұғалімдер бар.

ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Америкалық компаниямен енді жұмыс істей бастаймыз. Бастапқы кезең процесі — келіссөздер, меморандум жасау болды. Бұл бір күннің не бір жылдың жұмысы емес екені түсінікті. Ол барынша ұзаққа созылады және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, осыған орай, алдағы 2026 жылы ҰБТ-ның форматы да, мазмұны да өзгермейді. Әрине, бұл мәселелердің бәрі қоғамға, балалар мен талапкерлерге міндетті түрде жеткізіледі.