Биыл 48 елдімекен ауыз сумен қамтылды. Тағы 4 ауыл бірер күнде орталықтандырылған су жүйесіне қосылмақ. Гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша да ірі жобалар жүзеге асырылуда. 6 өңірде 12 жоба жоспарланған. Бұл су шығынын азайтып, ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға септеседі. Өйткені жыл сайынғы су тұтынудың 60% - дан астамы осы саланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады дейді,-комитет төрағасы.
АРСЕН ЖАҚАНБАЕВ, ҚР СРИМ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Келесі жылы Комитет өз алдына топтық су құбырларын салу мен реконструкциялаудың қалған 8 жобасын іске асыруды аяқтау және 5 топтық су құбыры бойынша оң қорытындылар алу бойынша міндеттер қоюда.
Сондай-ақ, 2026 жылдың соңына дейін Комитет гидротехникалық құрылыстардың 214 жобасын жобалауды аяқтауды жоспарлап отыр.