Елімізде 124 нысан құрылысы проблемалық деп танылуы мүмкін

Келер жылдың бел ортасында өз ісіне салғырт қарайтын құрылыс компанияларының тізімі жарияланады. Сенат жаңа Құрылыс кодексін қабылдағанымен, ілеспе құжатты Мәжіліске қайтарды. 124 құрылысқа проблемалық деген санат берілуі мүмкін. Оларға қатысты санкция да қарастырылады. Мәселен, қара тізімге кіргізіліп, оларға 3 жыл бойы кепілдік берілмейді.

ҚУАНДЫҚ ҚАЖКЕНОВА, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бүгінде еліміз бойынша құрылысында проблема бар 44 нысан бар. Оның үшеуінің құрылысы аяқталды, тағы екеуінің құрылысы жыл соңына дейін бітеді. Мұнан бөлек, сары аймақта 124 нысан бар, олар да проблемалы болуы мүмкін. Дегенмен, біз оларды әкімдіктермен бірге бақылауда ұстап отырмыз. Компаниялар құрылысты заңсыз бастаса немесе алаяқтық іс-әрекетке барса, заңсыз үлескерлердің қаражатын тартса, онда олар аталған тізімге енеді.