Кедергісіз болашақ: Қазақстан инклюзивті қоғам жолында

Қазақстан инклюзивті қоғам қалыптастырып жатыр.Мүмкіндігі  шектеулі жандарға тең мүмкіндіктер жасалуда. Қостанайдағы «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі  20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жерге жылына 2700 адам көмекке жүгінеді.Мамандар мүмкіндігі шектеулі жандарға түрлі бағытта көмек көрсетеді. Биыл 30 адамның жұмысқа орналасуына жол ашқан.  «Тең мүмкіндіктер» жобасы аясында оқу курстары да ұйымдастырылып келеді.  

АРУНА ЖАҚСЫҒҰЛОВА, «ҮМІТ-НАДЕЖДА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстан инклюзивті қоғам қалыптастырып жатыр. Қаншама жұмыс жасалып жатыр.Қаншама өзгерістер заңға кіргізіліп жатыр.Ол өзінен өзі емес осындай қоғамдық бірлестікпен, осындай көшбасшылар  бүкіл елімізде жүріп тұрады.Өздері бүкіл жерге барады.Сондықтан басқа жерде қандай жағдайлар инклюзия жағынан жасалған соның бәрін осы Қазақстанға сәйкес енгізіп, үлестерін қосып жатыр.