«AMANAT» партиясының белсенділері «Таза бейсенбі» акциясы аясында соғыс ардагеріне көмектесті

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2025

«AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері «Таза бейсенбі» акциясы аясында қарияларға қолғабыс жасауды жалғастырып келеді. Бүгін аманаттықтар  соғыс ардагері Виктор Шелудяковты   мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады. Сонымен қатар ардагердің үйінің маңындағы аумақты қардан тазалады. Виктор Шелудяков 1931 жылдан бері Қарағанды қаласында тұрады. 1943 жылы майданға шақырылып, Украина, Балтық және Беларусь майдандарында радио байланыс бөлімшесінің командирі ретінде жаумен шайқасты. “I дәрежелі Отан соғысы” орденімен, «Ерлігі үшін», «Кёнигсбергті алғаныүшін», “Германияны жеңгені үшін», «Беларуссияны азат еткені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» төс белгілерімен марапатталған ардақты ардагер.

ЖОЛДАСБЕК КЕҢЕС, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚАРҰУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Осы “ Таза бейсенбі” акциясының арқасында еліміз жастарының экологияға деген көзқарасы өзгеріп және де қарттарды құрметтеп бастайды. Тазалық ең бірінші өзімізден басталады одан кейін қоршаған ортаға әсер етеміз.

Алматыда да "Таза Қазақстан" акциясы үздіксіз жалғасуда. Акция аясында «AMANAT» партиясының орталық аудандық филиалы 10-нан астам ірі іс-шара ұйымдастырған. Қатысушылар "Таза бейсенбі" шарасы аясында қаланың әртүрлі аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретке келтірді. Нәтижесінде бірнеше  тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

НАЙЛЯ ОРДАБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз жыл басынан енді он шақты осындай үлкен ауқымды акция өткіздік. Енді оған қарамастан кішігірім де, осындай акцияны өткіземіз. Біз енді немқұрайлы қарамаймыз. Қай жақта лас боп жатады. Басқа да жағдайлар болып жатады. Әрдайым біздің Алматының таза ауасына экологиясына өзіміздің үлесімізді қосуға тырысамыз.