70-тен асқан кейуана қақаған қыста жолда қалғандарға көмек көрсетеді. 50 жылға жуық жол саласында еңбек етіп келе жатқан Гүлрайхан Мұхамадиева Абай облысының Көкпекті ауылында тұрады. Зейнетте болса да, жұмысын жалғастырып жүр. Ер азаматтармен иық тіресіп, трактор мен түрлі ауыр техниканы тізгіндейді. “Омбы-Майқапшағай” тас жолындағы қысы қатал Байбура учаскесіне жауапты. Гүлрайхан Мұхамадиева жыл сайын жүздеген көлікті қар құрсауынан шығарады.
ГҮЛРАЙХАН МҰХАМАДИЕВА, ЖОЛ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Боранды тосып жүремін ғой. Боран соқпаса біртүрлі. Одан кейін тұрған кісілерді құтқарып, сол кісілердің алғысын алғым келіп тұрады.Сол кісілердің алғысының арқасында денсаулық та дұрыс шығар. Өмір де жедел келе жатқан сияқтымын, қандай ауыр болса да.